Daewoo Nexia мінген мас жүргізуші апат жасап, жолаушы қайтыс болды

zakon.kz zakon.kz
Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Түркістан облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, оқыс оқиға Жартытөбе – Шолақ-Қорған тас жолында болған.

Daewoo Nexia жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың оң жағына шығып кеткен. Салдарынан жолаушылардың бірі жарақатты көтере алмай, оқиға орнында қайтыс болды, дейді полиция өкілдері.

Медициналық тексеруден кейін жүргізушінің мас екені расталды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ПД.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз