Жаңалықтар тізбегі
0

Суармалы жерлерді қалпына келтіру қашан басталады?

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 17:25 Алматы қаласының әкімдігі
Су үнемдеу технологияларын сатып алуға және құрылысқа берілетін субсидия көлемін 50% орнына 80%-ға дейін ұлғайту қажет.

Мәжіліс депутаты Қ.Абасов Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярға су ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Үкіметке су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдерді әзірлеуді тапсырған еді. Бүгінгі таңда су ресурстарын тиімсіз пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Атап айтқанда, бұл суды көп қажет ететін ескірген өндірістік технологияларды қолдану және тасымалдау кезінде су шығынының жоғары деңгейі (60% - ға дейін).

Жалпы Республикалық меншікте ұзақтығы шамамен 20 мың км. болатын 3298 суару желісі бар, оның 11,9 мың км. тозығы жеткен, соның салдарынан ауыл шаруашылығы жерлері суармалы сумен толық қамтамасыз етілмейді. Нәтижесінде, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес 600 мың гектар жаңа суармалы жерлерді игерудің және оларды 2,2 млн. гектарға дейін жеткізудің орнына іс жүзінде қолда бар суармалы жерлер азайып келеді. Ал суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша нақты шаралар бүгінгі күнге қабылданған жоқ, делінеді сауалда.

Бүгінгі таңда негізгі су тұтынушы – бұл ауыл шаруашылығы. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей ауыл шарушылық экономиканы дамытудың драйверлерінің бірі соның ішінде суармалы жердің орны ерекше.

Қарқынды технологияларды енгізу 1 гектардан 10 млн. теңгеге дейін табысты арттыруға мүмкіндік береді. Үлгі есебінде Түркістан облысында бірнеше шаруашылықтардың жетістіктерін атап айтсақ болады.

Атамекен ҰКП ақпаратына сәйкес еліміздегі суармалы жерлердің үштен бірі Түркістан облысына тиесілі 1 га жерге жұмсалатын шығын нормативі 8 мың м3 болған кезде қолда бар суармалы су көлемі 1 млн. га дейін жерді қамтамасыз етуге болар еді. Ал іс жүзінде тек 400 мың гектар ауыл шаруашылығы жері суармалы сумен қамтамасыз етілген.

Тәуелсіздік алған кезден бастап трансшекаралық елдердің суармалы жерлері бірнеше есе ұлғайды, соның есебінен осы елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі едәуір өсті.

Ал біздің оңтүстік өңірлерінде табиғи - климаттық жағдайға байланысты жылына 2 өнім алуға мүмкіндік бар, ал іс жүзінде жоғарыда аталған проблемаларға байланысты шаруалар бір өнімге қолы жетпей отыр.

Сондықтан біздің сөрелерімізде Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық алуан түрі ұсынылған, ал біз бұл елдерге тек бидай ғана жеткіземіз. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділік тудырып ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының шарықтау себептерінің бірі болып табылады.

Сондықтан жоғарыда аталған проблемалар елдің азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды және жан-жақты, кешенді, стратегиялық шешімдер қабылдауды талап етеді.

Ирригациялық жүйелерді қалпына келтірумен бірге, заманауи ылғал үнемдеу технологияларын жаппай енгізу қажет. Бірақ мұнда да проблемалар бар - бұл электр энергиясының және қажетті инфрақұрылымның қымбаттылығы.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін келесі шешімдерді қабылдау қажет:

  • Қазіргі заманға сай ирригациялық жүйелерді салу және пайдаланыстағы жүйелерді жаңғырту. Нәтижесінде бұл каналдардың құрылысы және олардың ұзақтығы бойынша есеп емес, суармалы сумен толық қамтамасыз етілген жерлердің көлемі болу керек.
  • Су үнемдеу технологияларын енгізуде қолданыстағы сатып алуға және құрылысқа берілетін субсидияның көлемін 50% орнына 80%-ға дейін ұлғайту қажет. Су үнемдеу технологиясының қажеттіліктері үшін баламалы энергия көздерін салуды субсидиялау қажет.
  • "Қазсушар"-дың жауапкершілігі суармалы судың жеткізілетін көлемі бойынша емес, суармалы сумен қамтамасыз етілген жердің көлемі бойынша болу керек.
  • Ирригациялық жүйелерді салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестігін енгізу арқылы инвестициялар тартуды қамтамасыз ету.

Депутаттық сауалға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: