Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтіп жатыр

ҚР ИИДМ ҚР ИИДМ
Бүгінгі таңда бұл салада 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 120 мыңға жуық адам жұмыс жасап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтіп жатыр. Онлайн-форматтағы іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.

Форум жұмыс істеген жылдар ішінде өзін индустриядағы басты салалық оқиға ретінде көрсетті әрі кооперациялық байланыстарды дамыту үшін бірегей платформа болып табылады.

Форум шеңберінде машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы туралы панельдік пікірталастар, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау, машина жасаудың басым кіші салалары бойынша секциялық отырыстар, Халықаралық мұнай-газ операторларымен, қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Марат Қарабаев өзінің кіріспе сөзінде индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында машина жасау саласы ең жоғары 4 есе өсімді көрсеткенін атап өтті. Индустрияландыру картасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 470 млрд.теңгеге жуық сомаға 150-ден астам жоба іске қосылды. 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Бүгінгі таңда бұл салада 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 120 мыңға жуық адам жұмыс жасап жатыр.

"Машина жасау салалары арасында ең жоғары өсу динамикасын автомобиль жасау саласы көрсетіп отыр. Индустрияландыру жылдарында алғаш рет қазақстандық автоөнеркәсіптің өнімдері экспорттық нарықтарға шықты, ал ел ішінде сатылған әрбір екінші жаңа жеңіл автокөлік отандық өндіріс болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін белгілі бір компоненттер өндірісі жолға қойылған", - деп вице-министр Марат Қарабаев атап өтті.

Машина жасау саласындағы өсу серпінін сақтау және пандемияға байланысты қалыптасқан тұрақсыз жағдайында кәсіпорындардың құзыреттерін өсіру оңай емес болды. Оған қарамастан, инвестицияларды, кәсіпорындарды іске қосу серпінін және технологиялық жаңартуды ескере отырып, жақын уақытта белсенді өсу, даму, импорттық өнімді алмастыру, сондай-ақ экспорт көлемінің ұлғаюы кезеңі күтілуде. Мысалы, ағымдағы жылы құны 79,6 млрд.теңге болатын 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 14 жобаны іске қосу жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз