Ресейде "Қазақ хандығы" деген ойыншықты кездестірген саясаттанушы айран-асыр

Facebook/Данияр Ашимбаев Facebook/Данияр Ашимбаев
Тағы бір ресейлік ойыншық қорабында "Шағатай жасағы" бар екен. Демек, орыстар Қазақстан үшін ойыншық шығаруды меңгеріп жатыр, көрдіңіздер ме?

Ресейде жүріп қазақ ойыншықтарына тап болған саясаттанушы Данияр Әшімбаев отандық ойыншық индустриясының жоқтығына қапалы, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазып, өзін тәнті еткен ойыншықтың суретін жүктеді.

"Кеше дүкеннен Қазақ хандығының бір қол әскерінің ойыншықтарын кездестірдім. Өмірімде бірінші рет. Тағы бір ресейлік ойыншық қорабында "Шағатай жасағы" бар екен. Демек, орыстар Қазақстан үшін ойыншық шығаруды меңгеріп жатыр, көрдіңіздер ме? Жақында Малайзияда жасалған ойыншық көліктің төбесінен "Жол полициясы" деп қазақша бадырайған жазуды көрдім. Жалпы, ұлттық кәдесыйлар Қытайда, Моңғолияда және Қырғызстанда шығарылады екен. "Empire-дің" өзі Чехиядан таситын секілді. Ал өзімізде - отандық өндіріс жоқ немесе баяғыда қирап тынған. Әйтпесе, ұлттық компаниялар жанынан, мысалы Air Astana - ұшақ, ҚТЖ - пойыз ойыншығын жасаса деп кете берсек, жақсы болар еді ғой. Өздерінің меншік қуыршақтары, сарбаздары, кубиктері, конструкторлары дегендей. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл соншалықты қиын дүние емес, өткізетін нарығы дайын (ойыншықтар мен кәдесыйлар) және жұмыс орындары да болады. Бірақ, болмайтын нәрсе болмайды дегендей, мұндайды маңдайға жазбай тұр ма", делінген жазбада.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1632383671_aza-handy-y.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1632383746_sarbaz.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз