Ақтауда футболдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Pixabay Pixabay
Тәртіп сақшылары алаңға жүгіріп, жағдайды реттеді.

"Каспий" ойыншыларының жеңілісі "Жас қанат" стадионындағы жаппай тәртіпсіздікке түрткі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан кубогының ширек финалында ақтаулық "Каспий" мен "Астана" командасы арасындағы 22 қыркүйектегі қарымта кездесу 1: 0 есебімен, жеңіс қонақтардың пайдасына шешілді.

Видеода наразылық сипатындағы ысқырықтан кейін бөтелкелер мен басқа да бөгде затта трибунадан алаңға қарай ұшты, балағат сөздерге жол берілді. Кейін ойыншылар арасында өзара жанжал басталды.

Біреу лақтырған доп астаналық клубтың жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянның аяғына тиді. Алаңда екі команданың ойыншылары да жаға жыртысып қалды.

Тәртіп сақшылары алаңға жүгіріп, жағдайды реттеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз