Алматыдағы атыс: Күдікті екі айға қамауға алынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2021 01:56 zakon.kz
23 қыркүйекте Алматыда аңшы мылтығымен бес адамды өлтірді деп күдікке ілінген Игорь Дужновтың бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтті.

"Ақбұлақ" ықшам ауданында бес адамды мерт қылған қарулы ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

23 қыркүйекте Алматыда аңшы мылтығымен бес адамды өлтірді деп күдікке ілінген Игорь Дужновтың бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтті.

Сот оны екі айға қамауға алуды үкім етті.

20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында 54 жастағы ер адам айналасындағыларға оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын бар. Кейін бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны, екіншісі оның танысы болғаны белгілі болды.

Екі бап бойынша тергеу басталды: "Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау".

Кісі өлтіргені үшін сотталушыға 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: