Жаңалықтар тізбегі
0

Күйеуі мен қос нақсүйерін улап өлтірген әйел өлім жазасына кесілді

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 16:09 pxhere.com
Қылмыстарға барлық жағдайда ақша себеп болғаны айтылады.

Жапонияда "Қаралы жесір" атанып кеткен 74 жастағы кісі өлтіргіш әйел Тисако Какехидің соты болып жатыр. Ол өзіне кесілген өлім жазасына қарсы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ оның бұл шағымын сот қанағаттандырмады. Енді ол дарға кесілетін болды, деп хабарлайды CNN.

Оған күйеуі мен екі ғашығын өлтірді, содан кейін мұрагерлікке қол жеткізу үшін танысының өміріне қастандық жасады деген айып тағылып отыр.

Исао Какехи неке агенттігі арқылы 67 жастағы жесір әйел Чисакомен кездескенде 75 жаста еді. Екі айдан кейін олар үйлесімді болып көрінетін қарым-қатынастарын заңдастырып, Жаңа жыл мерекесіне дайындалып, Муко қаласында бақытты өмірді бастайды.

2013 жылдың желтоқсанында ер адам қайтыс болды. Оның өлімі күдікті деп саналды, сондықтан оған сараптама тағайындалды. Марқұмның жүрегінен, қаны мен асқазанынан өлімге әкеліп соққан цианид дозасы табылды. 2014 жылы тергеу аясында жапондық әйел қамауға алынды. Оның ісі бойынша сот процесі 2017 жылдың маусымында басталды. Бастапқыда Какехи 2007 мен 2013 жылдар аралығында 70 пен 80 жас аралығындағы 10-нан астам ер адамды өлтірді деп күдікке ілінді. Сегіз іс бойына айыпты саналды, бірақ оқиғалардың мерзімінің өтіп кетуі мен дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты төртеуі ғана сотта қаралды. Кейін тергеу анықтағандай, Какехи ер адамдарды биоқоспа деп сендіріп, цианид ампуласын жұтуға мәжбүрлеген. Тексеру кезінде марқұмдардың денесінде көп мөлшерде гидроциан қышқылы бар екені анықталды. Удың іздері жапон әйелінің үйінен де табылды.

Қылмыстарға барлық жағдайда ақша себеп болғаны айтылады. Кісі өлтіру оған 500-ден 800 миллион иенге дейін (4,5 -тен 7,2 миллион долларға дейін) табыс әкелген. Ол бұл ақшаны сақтандыру компаниялары және жұбайынан қалған мұра арқылы иеленген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: