Лебяжье ауылы карантинге жабылатын болды

24kz 24kz
Оған себеп - көрші елдің жабайы құстары тасып әкелген құс тұмауы.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Лебяжье ауылы карантинге жабылатын болды. Өйткені Ресеймен шектесетін елдімекендегі қанаттылардың құс тұмауынан қырылғаны расталды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ауру тарап кетпес үшін ауылды оқшаулау керек" деген шешім шыққан. Өткен аптада бес күн қатарынан үй құстары шетінен қырыла бастаған еді. Жалпы саны 130 тауық, 290 қаз және 582 үйрек өлексеі түгел өртелді. Олардан сынама алған мамандар жұқпалы аурудың барын растапты. Облыстағы ветеринария басқармасы шығынға ұшыраған тұрғындарға өтемақы беріледі дейді. Былтыр да бұл өңірде құс тұмауы өршіп, бір жарым миллионға жуық үй құсы қырылып қалған.

Нариман Тасболатов, СҚО ветеринария басқармасының бас маманы:

- Эпизоотия зерттеулері жүргізілді. Үй құстарына суда жүзетін жабайы құстардан жұққан болатын. Солармен байланыс арқылы жұққаны анықталды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз