Алматыда "Баспалдақ" пен "Ұлы дала ойындары" шарасы өтпей қалды

instagram/almatysports instagram/almatysports
Оның себебін анықтау үшін zakon.kz редакциясы осы спорттық іс-шараларды ұйымдастырушыларға сауал жолдады.

Жыл сайын қыркүйекте өтетін "Баспалдақ" пен "Ұлы дала ойындары" спорттық шарасы өтпей қалды. Бұл ойындар Алматы тұрғындары мен қонақтарының арасында өте танымал. Күздің бірінші айында қала тұрғындары осы спорттық жарыстарға қатысуға асығады. Әртүрлі жастағы адамдар "Баспалдақ" пен "Ұлы дала ойындары" маусымын асыға күтті. Бірақ бұл спорттық шаралардың соңғы сәтте болмайтыны жария етілді.

Оның себебін анықтау үшін zakon.kz редакциясы осы спорттық іс-шараларды ұйымдастырушыларға сауал жолдады.

Қазіргі уақытта Ковид-19 жағдайына байланысты бұл шаралар біздің күнтізбелік жоспарымыздан алынып тасталды; Алматы қаласының санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, бұл шаралар тоқтатылды. Мүмкін біз қараша айында велошеру мен жекпе-жек өнерінің фестивалін өткізетін шығармыз. Оларға дайындық жүріп жатыр. Бірақ бәрі санитарлық мекеменің шешімдері мен нұсқауларына байланысты, - деді "Спорттық Алматы" жобасының жетекшісі Айдос Бағашев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз