Қазақша сөйлеу керек – Нығматулин жаңа министрге ескерту жасады

parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2021 18:34 parlam.kz
Брекешев ойымды толық ашып, жеткізу үшін орысшам ыңғайлы дегендей болды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке ескерту жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Жанарбек Әшімжанов министрге қазақ тілінде сұрақ қойып, сұрағына қазақша жауап естігісі келетінін қадап айтты.

Ал Брекешев мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналатынын айтып, "ойымды толық ашып, жеткізу үшін орысшам ыңғайлы" дегендей болды.

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин министрге қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап берілуі керек екенін ескертіп, келесі жолы қазақша жауап беруге шақырды.

– Сіз бірінші рет келіп отырсыз бізге. Депутаттың қойған сұрағында үлкен, күрделі мәселе жатыр. Сондықтан ендігі келгенде өтініш бар, ол – мемлекеттік тіл. Сіз Парламентке келіп отырсыз. Қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беру керек. Шетелде оқыдыңыз, ағылшынша білесіз, туған елде жүргенде, министр болып білдей жұмыста жүргенде қазақ тілінде сөйлеу керек, деді Нығматулин.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: