"Саяси партиялар туралы" Заңға өзгерістер ұсынатын құжаттар әзірленді

kaztag.kz kaztag.kz
Талқылау үшін "Ашық НҚА" порталының есігі ашық тұр.

ҚР Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заң жобасы және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобалары) бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжаттарда партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды ҚР Парламентіне және мәслихаттарға бөлу кезінде квотаның міндетті есебін белгілеуге негіздеме, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін квота белгілей отырып, әйелдер мен жастардан басқа, квоталанатын азаматтардың тізбесін кеңейту қамтылады.

Заң жобаларын қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді деп күтілуде, себебі әйелдерді, жастарды және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды елдің саяси мәселелеріне белсенді тарту шешім қабылдау кезінде олардың пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.

Заң жобалары бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарымен танысу, сондай-ақ оларды талқылау үшін Сіз "Ашық НҚА" порталында осы сілтеме бойынша өте аласыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз