LRT ісі бойынша іздеу салынғандар Интерпол тізімінде жоқ екен

Liter.kz / Илья Астахов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 17:22 Liter.kz / Илья Астахов
Мәжілісмендер Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданның интерпол тізімінде жоқтығына аң-таң.

Мәжілісмендер "Астана ЛРТ" ісі бойынша шетелге қашып кеткендерге халықаралық іздеу жарияланғанына күмән келтірді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларды бір жылдан бері Интерпол іздеп жатыр деген.

Интерпол іздеп жатқандардың тізімінде екеуі де жоқ екен. Қомақты ақшаны қалтаға басып елден қашқандар қала әкімінің бұрынғы орынбасары пен "Астана LRT" компаниясының экс-басшысы болатын.

Мәжілісмендер Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданның интерпол тізімінде жоқтығына аң-таң.

Қазақстан Интерполға жыл сайын 12 миллион теңгедей жарна төлейді. Сондықтан оларды не себепті таба алмай жатқанын білмейді. Өйткені интернетте олардың отбасы мүшелері Нью-Йоркте алаңсыз өмір сүріп жатқанын көрсетіп, қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы жиі жазба жариялап жүр.

Депутаттар халық арасында "Жемқорлық ескерткіші" аталып кеткен жобаға 120 миллиард теңге жұмсалғанын тілге тиек етті. Бүгінде ЛРТ құрылысына жауапты жеті шенеунік темір торға тоғытылған. Жақында олар аштық жариялаған еді. Халық қалаулылары Бас прокуратурадан халықаралық ұйымға қашқындарды іздеу туралы тапсырыс қашан және қалай берілгенін түсіндіруді талап етті.

Мақсат Раманқұлов, Мәжіліс депутаты:

- Сонда қылмыстық жауапкершіліке тартылған адамдарды ешкім іздеп жатқан жоқ. Олар елден ұрлаған миллиардтаған ақшаны емін-еркін жұмсай алады. Демек сол ақшаны қайтару мәселесі де кейінге қалып отыр. Шамасы біздің құқық қорғау органдарымыз олардың ақшаны толығымен жұмсағанын күтіп отырған сияқты. Сосын тағы бір маңызды мәселені ескеру керек. Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны сол елдің өзі тәркілеп алуы да мүмкін. Ал оның бәрі шенеуніктердің меншігі емес, ол – Қазақстан халқының ақшасы.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: