Жаңалықтар тізбегі
0

Тас жолда түйені қаққан жүргізуші қайтыс болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2021 21:32 видеодан кадр
Адам өліміне әкелген апат болған сәттен бір айға жуық уақыт өтсе де, кінәлілер табылмай жатыр.

Оқиға 11 қыркүйекте 6:15 шамасында Ақтау — Жаңаөзен тас жолында болды. Lada.kz Kia Cerato жүргізушісі басқа көліктің алысқа түсетін шамы салдарынан жолға жүгіріп шыққан түйені байқамай қалғанын жазды. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 17 қыркүйекте ол жан тапсырды, дейді kolesa.kz.

Кейін анықталғандай, сол түйені қарсы бетте келе жатқан машина да қағыпты. Марқұмның туыстары ол жүргізушінің эвакуатор шақыртып, оқиға орнынан тайып тұрғанын айтады. Көліктің маркасы мен нөмірін ешкім есінде сақтамапты. Олар бір ай өткенмен, жануардың иесі де, екінші жүргізуші де табылмағанына қапалы. Ал полиция сотқа дейінгі тергеу әлі аяқталмағанын хабарлады.

Еске салайық, егер машина «Мал айдау» деген белгі жоқ жерде қақса, мал иесі апатқа кінәлі деп танылады. Әкімшілік және Қылмыстық кодексте малшыға қатысты жаза көзделмеген, бірақ жүргізуші сот арқылы шығынын өндіріп алуға құқылы.

Сондықтан көз жұмған кісінің жақындары ең болмаса бір адамды жазаға тарту үшін қарсы бетте келе жатқан жүргізушіні тауып, дәл сол мінген көліктің жарығы марқұмның көзіне шағылысып, апатқа ұшырауына себеп болғанын дәлелдеуге тиіс. Сонда ғана оған көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы деген баппен айып тағуға болады.

Бұл жағдайда кінәсі дәлелденген азамат бес жылға дейін түрмеге қамалып, сол мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады. Алайда мұны дәлелдеу өте қиын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: