Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрлігі пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді жоюға кіріседі

ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 18:58 ҚР ҚМ
Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте Үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов аппараттық кеңес өткізді, онда әскердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Оқ-дәрі қоймаларын тексеру барысы туралы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы бастығының баяндамасы қаралды. Инспекциялаудың аралық нәтижесі бойынша қазіргі уақытта шешілмеген негізгі мәселе түгендеу нәтижесінде әскери мүлік ретінде пайдаланылмайды деп танылған оқ-дәрілерді кәдеге жарату болып табылады.

Заң жүзінде оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі жұмысты уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді. Бұл ретте оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың оқ-дәрілерді жою бойынша мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоймалар мен базаларда жылдар бойы сақтауға мәжбүр болады.

Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте Үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі. Оған сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жоятын болады. Тікелей іс-қимыл тәртібін екі министрліктің бірлескен бұйрығы айқындайды.

Одан бөлек қысқа дайындық мәселесі қаралды. Лауазымды адамдардың баяндамасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық әскери объектілерінің қысқа дайындығы 96,5%-ті құрайды. Ауа райы жағдайына сәйкес жылыту елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі әскери қалашықтарда іске қосылды. Қазандықтар қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген. Одан басқа, Қорғаныс министрлігі алғаш рет жылыту маусымында қызмет көрсететін персоналды материалдық ынталандыруды көздеді.

Қорғаныс министрі 4 қазаннан бастап әскерлерде басталған қорытынды тексеруді сапалы ұйымдастыруға бас қолбасшылар мен қолбасшылардың назарын аударды. Барлық әскери қызметшілер 3 апта бойы оқыту пәндері бойынша сынақ тапсырып, өздерінің кәсіби біліктілігін растауға тиіс. Министр бұл оқу жылындағы жауынгерлік даярлықты бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі болатынын атап өтті. Әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздігінің жай-күйі де тексеріледі.

Одан басқа, қорғаныс ведомствосының басшысы оларға сеніп тапсырылған құрамалардағы, бөлімдердегі, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйі бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысын бағалауға нұсқау берді.

Бағынысындағылар арасында құқық тәртібін сақтауда жүйелі кемшілік болған жағдайда, әрбір лауазымды адамға тәртіптік сипаттағы шаралар, тіпті лауазымын төмендетуге және Қарулы Күштер қатарынан шығаруға дейінгі шаралар қабылдануға тиіс - деді Қорғаныс министрі.

Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов алдағы аптада жергілікті әскери басқару органдарынан әскерлерге келе бастайтын жас буынды қабылдау жөніндегі алдағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қолбасшыларға жергілікті жерлердегі казармалық-тұрғын үй қоры мен оқу-материалдық базаның дайындығын, жаңа буынды жинау әкімшілігінің кешегі әскерге шақырылушыларды әскери қызметке бейімдеу жөніндегі жүктелген міндеттерге сәйкестігін жеке тексеру тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: