Қазақстандық қыздарды Бахрейнде секс-құлдыққа салған топтың соты болып жатыр

pexels.com pexels.com
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Бахрейнде 39 қазақстандық әйел жыныстық құлдықтың құрбаны болғанын хабарлаған болатын. Бұл - көбіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары.

Трансұлттық топ бес жыл бойы Қазақстандағы қыздарды Бахрейнде жыныстық құлдыққа салу үшін алдап-арбап тартып келген. Қылмыстық іс сотта қарала бастады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Зардап шеккендердің жалпы саны 39 адамды құрады.

Биыл біз Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары болып табылатын 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық, олар соңғы бес жылда Бахрейнде жыныстық құлдыққа салу үшін адам саудасымен, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, - деді ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Бахрейнде 39 қазақстандық әйел жыныстық құлдықтың құрбаны болғанын хабарлаған болатын. Бұл - көбіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары.

Биыл Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша 200 қылмыстың беті ашылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз