Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында 7 қазанда пәтерге ұтыс ойнатылады

astana.gov.kz astana.gov.kz
Жүлделерді демеушілер ұсынады.

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазан күні сағат 14:10-да Хабар телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — "G-Park" құрылыс компаниясы.

Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қалалық вакцинация пункттерінің кез келгенінде, медициналық мекемелерде, сауда ойын-сауық орталықтарында екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-10/1633515054_rio-de-zhaneyro.jpg

Сонымен қатар, тікелей эфирде бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-10/1633515132_smartfon.jpg

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екпе алғандар арасында 19 iPhone12, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 қысқа толқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды. Вакцинацияланған адамдар арасындағы ұтыс ойындары жалғасады. Жүлделерді демеушілер ұсынады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-10/1633515130_smartfon1.jpg

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол екпе алғандардың ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша Сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-10/1633515151_telefon.jpg

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз