БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

zakon.kz zakon.kz
Ол өз қарамағындағы тұлғаның пара алу фактісі бойынша өз еркімен жұмыстан кетті.

БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев қызметінен босатылды. Ол денсаулық саласы бойынша жұмыстарға жауапты болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір ай бұрын ол өз еркімен жұмыстан кетуге разы берді. Осылайша, Нұрәлиев өзіне қойылған талапты орындады, яғни мемлекеттік қызметкер этикасы бойынша өз қарамағындағы адам сотталған жағдайда немесе қылмыстық іс қозғалып, ол белгілі бір себеппен тоқтатаған жағдайда оған жауапты тұлға ретінде басшылықтың отставкаға кетуі қажет, деп хабарлайды Уральская неделя.

Айта кетсек, тамыз айының соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Каюповқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енген соң әкімнің орынбасары Айдар Нұрәлиев отставкаға кетуге арыз берді. Мемлекеттік қызмет істері департаменті заңға сәйкес, оны қызметінен босату туралы өтінішті бір ай ішінде қарауға жататынын алдында түсіндірген еді.

Айдар Нұрәлиев 2020 жылдың маусымында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Каюпов сол жылдың наурызында БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тұрды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз