Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда төбелес болып, бір жігіт пышақталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 21:11 Pixabay
Оқиға туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов ақпарат берді.

Алматыда 8 қазанға қараған түні төбелес болып, ер адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Зардап шеккен адамның туысының өтініші бойынша Instagram-да көмек сұраған пост жарияланды.

Бұл – үмітсіздік пен әділетсіздікке, ең бастысы заңсыздыққа қарсы көмекке шақыру. Биыл қазанның 7-інен 8-іне қараған түні менің жиенім Айдарға түн ортасында танысы қоңырау шалып, белгілі бір мекенжай бойынша алып кетуді өтінген. Оқиға орнына келген кезде танысының досымен ұрысып қалғанын біледі. Нәтижесінде жастар арасында төбелес болып, Айдардың денесіне бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Ол ауруханаға жеткізілді, ота жасалды және қазір оның жағдайы өте ауыр. Видеодан көріп тұрғаныңыздай, ол сөйлей алмайды, дем алуы – қиын, деді туысы.

Қазіргі уақытта заңсыз жолмен белді таныстары арқылы оны осы оқиғаға кінәлі етіп қоймақшы. Қызметкерлер түсініктемесін өзгертуді талап етуде. Олар оны ауруханадан бүгін шығармақшы, екі жерден тігілген операциядан кейін төрт күн ғана өтті. Бұл қалай болғаны? деп туысы ашынды.

Оқиға туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов ақпарат берді.

Бұл фактіні біз Наурызбай ауданының ПБ-да тіркедік. Тергеу аталмыш аудандық ПБ тергеушілеріне тапсырылды. Тергеу барысы бақылауға алынды, - деп постқа пікір ретінде жазды ол.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: