Елімізде бензин тапшылығы жоқ – Әсет Мағауов
Павел Михеев / zakon.kz
Оның айтуынша, жақын арада жанармай мәселесі тұрақтанады.
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда бензинге қатысты жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бензин бойынша жағдай тұрақты. Қазан айында біз шамамен 304 мың тонна Аи-92 маркалы бензинін өндіруді күтеміз, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында – 130 мың тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауытында – 153 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты 20 мың тоннаға жуық өнім шығаруы тиіс. Айдың басындағы қалдықтарды ескере отырып, шамамен 230 мың тонна болды, біздің қажетіміз толығымен жабылады деп санаймыз. Негізінде қазан тұрақты өтуі керек. Бұған дейін біз қараша-желтоқсан айларында бізде қандай да бір экспортталуы мүмкін деп болжаған болатынбыз, деп мәлімдеді Әсет Мағауов ОКҚ брифингінде.
"ҚазМұнайГаз" мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеевтің айтуынша, бүгінгі таңда Аи-92 маркалы бензин бойынша қор 224 мың тоннаны, ал, АИ-95 бойынша қор 42 мың тоннаны құрайды.
Бұған дейін энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда қанша дизель отыны қалғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, жақын арада жанармай мәселесі тұрақтанады.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript