Павлодар облысында автобус парктерінің тоғыз лауазымды тұлғасы жазаланды

13 Қазан 2021, 13:00
Сурет: zakon.kz

Автобус парктерінің тоғыз лауазымды тұлғасы жүргізушілерінің жол берген бұзушылықтары үшін жазаланды, сондай-ақ көлік құралын есірткіден мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1000-нан астам бұзушылықты анықталғанын хабарлайды.

Жолаушылар көлігі жүргізушілерінің арасында ең көп кездесетін бұзушылық - маневр ережелерін бұзу және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану. Салдарынан 816 бұзушылық анықталды. Тағы 82 жүргізуші мемлекеттік міндетті техникалық байқаудан өтпей автобусты пайдаланғаны үшін ұсталды.

75 жүргізуші автобусты тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған, ал 41 жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартылды.

Мәселен, 11 қазанда доңғалақ шинасының табаны тозған «Мерседес Бенц Спринтер» маркалы автобус ұсталды. Тағы бір жүргізуші "ГАЗ-3302" таксиін заңсыз қайта жабдықтаған, яғни авариялық шығу орнына қосымша орындықтар орнату арқылы жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзды. Екі жағдайда да жүргізушілер ҚР ӘҚБК 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Бұдан басқа, автобусты есірткі тұтынып, мас күйінде басқарған өрескел факт тіркелген. Павлодар қаласындағы Малайсары батыр - Ермак көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асырған "Газ-А65R35" автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полиция 48 жастағы жүргізушінің өзін дұрыс ұстамайтынын, қозғалысы тежелгенін байқаған. Бірақ алкогольге тән иіс болмаған, ал жүргізуші өзін саумын деп сендірген.

Полиция оған медициналық тексеруден өтуді ұсынды, тексеру жүргізушінің есірткіге мас болғанын көрсетті. Жүргізуші ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сонымен қатар, қазір оған жеті жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынады. Бұл өз өмірлерін сеніп тапсырған адамдарды тасымалдаған жүргізушілер, - деді Жасқайрат Қайыров.

Мұндай іс-шараларды өткізу жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді және жүргізушілердің де, иелігінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлігі бар басшылардың да жауапкершілік деңгейін арттырады.

Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған іс-шара ағымдағы жылдың 14 қазанына дейін жалғасады. Полиция департаменті маусым аралық кезеңде жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолдарда қырағы және мұқият болуға, жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарауға шақырады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?