Ахмет Байтұрсынов тұрған мұражай-үй қала меншігіне қайтарылды

13 Қазан 2021, 14:27
Сурет: Алматы әкімдігі

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Ахмет Байтұрсынұлының мұражайға айналған үйін қоғамдық қордан коммуналдық меншікке өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімдік хабарлағандай, қаланы аралау кезінде әкім мұражайға айналған үйге де ат басын тіреді.

Келер жылы көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады, деп жазды Сағынтаев Твиттерде.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Ғимараттың жалпы ауданы 160 шаршы метрді құрайды.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материалдар жинақталған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?