Astana Qazaqstan Team құрамы екі танымал шабандозбен толықты

Pixabay Pixabay
28 жастағы колумбиялықтың келісімшарты бір маусымға, ал Бассоныкі екі жылға созылмақ.

Колумбиялық шабандоз Себастьян Энао мен итальяндық Леонардо Бассо Astana Qazaqstan Team командасының жаңа мүшелері атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

28 жастағы колумбиялықтың келісімшарты бір маусымға, ал Бассоныкі екі жылға созылмақ. Әлемдік турда сегіз жыл ішінде Энао өзін Гранд-турларда, әсіресе "Джиро д 'Италияда" мықты велосипедші ретінде көрсете білді.

Мен "Астана" командасына ауысқаныма қуаныштымын, бұл мен үшін жаңа қадам, кәсіби шабандоз ретінде дамуды жалғастыру үшін қажет өзгеріс. Командамен, жаңа жолдастарыммен кездесу сәтін тағатсыздана күтемін, жаңа жейдені киіп көру мүмкіндігін күтемін. Менің ойымша, "Астана" – бұл маған сай келетін команда, ал мен ең жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізу үшін 100%-ға дайынмын, - деді Себастьян Энао.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз