Сенатта медицинадағы былық-шылықтар қатты-қатты айтылды

видеодан алынды видеодан алынды
Миллиондар желге ұшатынына қапалы сенаторлар Үкіметтен қажет препараттардың бірыңғай тізімін жасап, сала мамандарын оларды сатып алуға негіздеме әзірлеуге міндеттеуді ұсынды.

Қазақстанда 159 миллион теңгеге сатып алынған дәрілер жойылады. Препараттар екі жылдан бері "СК-Фармацияның" қоймаларында сақтаулы тұрған. Осындай дерекпен бөліскен сенаторлар жарамсыз дәрілердің жайын айтып, медицинадағы былықтың бетін ашты, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Андрей Лукин, Сенат депутаты:

"СК-Фармация" компаниясы, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мен денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы азаматтарда сұрақ туындатып отыр. Біраз мәселе бар. Мәселен, "СК-Фармацияның" қоймаларында 2019-2020 жылдары сатып алынған дәрі-дермектер жатыр. Мемлекет оған 159 миллион теңге бөлген. Алайда олар қазір жарамсыз болып қалған, себебі: мерзімі өтіп кетті.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік сатып алу кезінде біраз заңбұзушылыққа жол берілген. Денсаулық сақтау министрлігі бюджетке тапсырыс берерде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін пациенттердің санын көп қылып, кей жағдайда мүлдем көрсетпепті.

Министрлік препараттардың бағасын әдейі жоғары қылған. Заңсыз әрекеттің нәтижесінде дәрілер 1,5 миллиард теңгеге – қымбат бағаға сатып алынған. "СК-Фармацияның" 9 миллиард теңгеге вакцина сатып алғанда да заң бұзғаны анықталды. Мәселен, тендерге қатысқан компаниялар бір-бірімен тығыз байланыста болған. Ал түрлі заңбұзушылықпен қыруар қаржыға сатып алынған 16 түрлі дәрінің клиникалық тиімділігі дәлелденбеген болып шықты.

Сенатор Үкіметтен қажет препараттардың бірыңғай тізімін жасап, сала мамандарын оларды сатып алуға негіздеме әзірлеуге міндеттеуді ұсынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз