Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктің саны 3,8 млн-нан асты

Павел Михеев / zakon.kz Павел Михеев / zakon.kz
Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,2%-ға көбейді.

2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 577478 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,6%-ға көп, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3842,7 мың бірлікті құрады.

2021 жылғы қаңтар-тамызда 8307 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,12205 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,2%-ға көбейді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 24 млрд теңге сомасында 53864 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-10/thumbs/1634285402_15102021-1k.png

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз