Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қояды

pxhere.com pxhere.com
Келісімшарт 23 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімшарт жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат екі елдің мемлекеттік шекарасындағы тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, тең құқықтық, достық және ынтымақтастық негізінде реттеу мақсатында әзірленді.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы мынадай режимді қамтамасыз етеді:

  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын ұстау;
  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын адамдардың, көлік құралдарының кесіп өтуі және ол арқылы жүктер мен өзге де мүліктердің орын ауыстыруы;
  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;
  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы және шекаралық белдеулер үстінен ұшуды жүзеге асыру;
  • Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасында, шекара белдеулерінде, сондай-ақ шекара сулары шегінде шаруашылық, кәсіп, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу (оны пайдалану);
  • шекаралық оқиғаларды шешу.

Атап айтқанда, мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде аң аулауға, сондай-ақ шекара арқылы жануарларды айдау және екінші тарап мемлекетінің аумағына өтуге, үй жануарларының мемлекеттік шекарадан өтуіне, жасыруға, союға немесе сатуға, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен бірге, мемлекеттердің азаматтары шекаралық ведомстволардың рұқсатымен шекаралық сулардың өз бөлігі шегінде балық аулауға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік шекара режимін мемлекеттер тараптарының бірлескен қызметі қолдайды және оның мәселелері осы келісіммен, сондай-ақ екі тарап мемлекеттерінің заңнамасымен және екі тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен реттеледі, делінген құжатта.

Келісімнің мәтінін "Ашық НҚА" сайтынан көруге болады, келісімшарт 23 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз