Жаңалықтар тізбегі
0

Түркіменстанда коронавирустан 25 000 өлім тіркелді – дереккөз

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 22:41 Pixabay
Президенттің мәлімдеуінше, Түркіменстанда "халықтың 70 пайыздан астамы" вакцина салдырған.

Түркімен билігі елде осы уақытқа дейін COVID-19 тіркелген жоқ деп отыр.

Азаттық радиосы түркімен қызметінің Түркіменстан денсаулық сақтау жүйесіне қатысы бар дереккөзінің хабарлауынша, түркімен үкіметі коронавирустан қайтыс болғандардың құпия тізімін жасап жүр. Азатлык бұл мәліметті басқа да дереккөздер арқылы әзірге растай алмады. Денсаулық сақтау министрлігі де Азатлыктың осы мәселеге қатысты сауалдарына жауап беруден бас тартты, дейді centralasian.org.

Дереккөздің 14 қазанда берген мәліметіне қарағанда, 2020 жылдың басында пандемия басталғалы бері Түркіменстанда коронавирустан 25 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Мәлімет жарияланбаса да, уәлаяттар коронавирусқа қатысты есептерін денсаулық сақтау министрлігіне жолдап тұрады. Министрліктегі қауіпсіздік қызметінің өкілдері уәлаяттардан түскен есептерді жинап, қалыптасқан жағдайға бақылау орнатады, дейді аты-жөні мақалада аталмағанын қалаған дереккөз.

Оның айтуынша, Лебап пен Мары уәлаяттарында өлім көп тіркелген. Бұл аймақтар коронавирустың негізгі ошақтары саналады.

Дереккөздің пікірінше, уәлаяттар мәліметті әдейі азайтып беруі мүмкін, ал шынайы жағдай одан да ауыр болуы мүмкін.

Аймақ басшылары өлімге қатысты мәліметтерді кешіктіріп береді. Олар бұның салдарынан қорқады. Коронавирустан нақты қанша адам қайтыс болғанын айту қиын, өйткені жергілікті билік өлімнің жалған себебін атауға әуес, деп есептейді дереккөз.

Өткен аптада Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов Ашғабатта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймағы бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесіп, елде коронавирус жоқ деп айтқан. Президенттің мәлімдеуінше, Түркіменстанда "халықтың 70 пайыздан астамы" вакцина салдырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: