Жаңалықтар тізбегі
0

Цой ревакцинацияның кейбір мән-жайын түсіндірді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 23:44 primeminister.kz
КВИ-ға қарсы вакцинаның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады.

Қазақстандықтарды қайта вакцинациялау тәсілдері әзірленгенін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрлік ҚР Халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп халықты қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинаның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады.

Бұл ретте векторлық вакцина алған адамдар - тоғыз айдан кейін инактивацияланған түрімен қайта вакциналанады, ал инактивацияланған вакцина алған адамдар - алты айдан кейін векторлық түрімен қайта вакциналанады; м-РНК вакцинасын алған адамдар-алты айдан кейін инактивацияланған немесе векторлық түрімен қайта вакциналанады. Алғашқы және қайта вакциналау кезіндегі түрлері бірдей болуы мүмкін, - деп түсіндірді министр.

Ол бір вакцина түрімен қайта вакциналануға болатынын, бірақ шамалы айырмашылық бар екенін айтты.

Бұл "Спутник V" компоненті болмайды, өйткені олар әртүрлі вакцина. Біздің ережелерде бұл 1 және 2 дозада ұқсас вакцина болады деп қарастырылған. Бізде өндіріске "Спутник Лайт" енеді. Менің ойымша, бұл да жақын арада шығарылады. Оның бірінші компоненті "Спутник V" болды", - деп атап өтті Цой.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: