Биткоинның құны тағы шарықтап, тарихи рекорд орнатты

pixabay.com pixabay.com
Биткоин сәуір айынан бері алғаш рет 60 мың долларлық межені еңсеріп, сауда-саттық деректеріне сәйкес, криптовалюта бағамы бойынша тарихи рекорд орнатты

Жұмада биткоин құны 4 пайызға өсті, ал бірнеше минут бұрын ол сәуір айынан бері алғаш рет 60 мың долларлық межені еңсеріп, сауда-саттық деректеріне сәйкес, криптовалюта бағамы бойынша тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды zakon kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ірі көлемде криптовалюта сауда-саттығы жүргізілетін Binance биржасында Мәскеу уақыты бойынша 17: 05-те Bitcoin 4,14%-ға өсіп, 59,97 мың долларға дейін қымбаттады, ал бірнеше минут бұрын бұл көрсеткіш 60,36 мың долларға жетті, делінген хабарламада.

Ал 20-дан астам биржа бойынша орташа бағамды есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметіне сүйенсек, биткоин қазір 4,24%-ға өсіп, құны 59,83 мың доллар болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз