Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2021 18:23 Pixabay
Бірқатар сараптама тағайындалды.

Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жетісай-Шардара автожолының 172 шақырымында Opel автокөлігі қарсы жолға шығып кетіп, Audi автокөлігімен соғысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы қаза тапты, жолаушылардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Түркістан облысы ПД.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі: "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша Шардара аудандық ПБ СДТБТ-де тіркелді.

Тергеумен Түркістан облысы ПД айналысуда.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ЖКО-ның барлық мән-жайлары анықталатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: