Семейде мұғалімдерді мәжбүрлеген әкім орынбасары жазалануы мүмкін

zakon.kz zakon.kz
Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген, деп хабарлайды zakon.kz.

"Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған. 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды", - деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Министр мұндай заңбұзушылық үшін 200-ге жуық басшы жазаланатынын атап өтті.

"Мұндай заңбұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды. Семей қаласындағы оқиғаға байланысты Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатысты екені расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады", - деді А. Аймағамбетов.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз