Енді аздап ет қымбаттайды – ҚР АШМ

Павел Михеев / zakon.kz Павел Михеев / zakon.kz
Қазақстанда қой етінің бағасы 15%-ға өсті.

Парламент депутаттары бұған дейін алаңдаушылық білдіргендей, Қазақстанда келесі жылдың көктемінде ет қымбаттап шыға келуі мүмкін бе? Бұл сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бағаларға келетін болсақ, біз ет бағасының өсуі мүмкін деп күтеміз. Шамалы өсім болады деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды, - деді министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан отандық өнім өндіру арқылы сиыр етінің 97%-ын, қой етін 100%-ын, жылқы етін 97,5%-ын қамтамасыз еткен.

Ішкі нарықтағы етке деген сұраныс толығымен отандық өндіріс есебінен өтеледі. Біз шетелден етті көп мөлшерде импорттамаймыз, -деді Қарашөкеев.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда қой етінің бағасы 15%-ға өсті.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз