Алматылық алаяқ жоқ пәтерді "жалға беріп" келген

facebook.com/rustam.abrakhmanov facebook.com/rustam.abrakhmanov
Ол Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны.

Алаяқтық туралы бірнеше жергілікті тұрғын полицияға жүгінгеннен кейін белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаладағы пәтерлерді жалға алуға тырысқан азаматтар жарнама арқылы танымал интернет-сервистен пәтер іздеген. Болжалды пәтер иесімен телефон арқылы байланысып, бағалар нарықтық бағадан әлдеқайда төмен екенін білген. Алайда ұнайтын пәтерді брондау үшін жалға алушы жүз пайыз төлем енгізуі тиіс болған. Ақшаны алғаннан кейін, бірден риэлтор байланысқа шығуды тоқтатты.

– Біз күдіктіні анықтап, ұстадық, ол – Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны, – дейді Алматы ІІД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша (алаяқтық фактісі) қылмыстық іс тергелуде.

Сондай-ақ, бұл кезеңде оның 8 ұқсас эпизодқа қатысы бар екендігі анықталғанын хабарлаймын. Аталған күдікті әрбір клиенттен 130 мың теңге және 50 мың теңгені құрайтын кепілақы алғаны анықталды. Алдын ала тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, делінеді жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз