Жаңалықтар тізбегі
0

Қарашөкеев агроөнеркәсіпті дамытудың ұлттық жобасын таныстырды

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2021 22:56 ҚР АШМ
Экожүйелерді өңірлік мамандануды ескере отырып, елдің барлық өңірлерінде іске асыру көзделіп отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев АӨК дамыту бойынша ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 18 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің "АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жоба: мақсаттары мен міндеттері" тақырыбындағы брифингі өтті.

Брифинг барысында ведомство басшысы ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін және күш-жігер мен ресурстарды шоғырландыруды талап ететін нақты, тораптық міндеттер мен жобаларды шешуге бағытталғанын мәлімдеді.

"Ұлттық жобаны әзірлеуге Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халықаралық FAO азық-түлік ұйымының сарапшылары, салалық одақтардың, қауымдастықтардың, ғылымның өкілдері тартылды", - деді министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ұлттық жобада нақты және қолжетімді міндеттер бекітілгенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ұлттық жобада келесі негізгі бағыттар айқындалды:

бірінші, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру;
екіншіден, Қазақстанның отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі;
үшіншіден, қайта өңделген өнімнің үлесін 70% - ға дейін жеткізе отырып, АӨК өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайту;
төртіншіден, жеті ірі экожүйені қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру.

Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі факторлар айқындалды, олардың әрқайсысы бойынша нақты қолжетімді индикативтер, сондай-ақ тиісті шаралар белгіленген.

"Нақты инвестициялық жобалар анықталып, іске асырылуда. Бұл жұмыс Үкімет пен Министрліктің ерекше бақылауында. Нәтижесінде 2024 жылға қарай құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, балықпен қамтамасыз ету 100%-ды, ал қант бойынша - 80%-ды құрайтын болады", - деп қосты ведомство басшысы.

Жалпы, 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Аталған жобалар ет, жемістер, көкөністер, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 экожүйенің ажырамас бөлігіне айналады. Бұл қосылған құны жоғары түпкілікті қазақстандық өнім жасауға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға мүмкіндік береді.

Экожүйелерді өңірлік мамандануды ескере отырып, елдің барлық өңірлерінде іске асыру көзделіп отыр.

Бұған қоса, брифинг барысында министр журналистердің егін жинау науқанының барысы туралы сұрақтарына жауап беріп, жоспарланған көлем ішкі тұтыну үшін жеткілікті екенін және құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: