Енді мұғалімдерге көше сыпыртқандар қатаң жазаланады

zakon.kz zakon.kz
Семейдегі даудың арқасында.

Мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмыстарды орындататындар қатаң жазаланады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың құқықтарын қорғайтын "Педагог мәртебесі туралы" заң бар. Мұғалімнің сенбілікке шықпауға құқығы бар. Егер мұғалімдер бұл дұрыс емес десе, онда олар бас тарта алады, - деді Шолпан Каринова.

Ол бұған дейін Білім және ғылым министрі БҒМ-нің осы мәселе бойынша ұстанымын нақты айтқанын еске салды.

Біз мұғалімдерге міндетіне кірмейтін жұмыстарды орындатуға қарсымыз. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тартатындардың барлығы заң шеңберінде қатаң жазаланып, шаралар қабылданатын болады. Мұғалімнің бірінші функциясы – балаларға пән бойынша білім беру. Оқыту, тәрбиелеу – мұғалімнің негізгі қызметі. Басқа іс-шараларға барыңдар деп педагогтерді ешкім мәжбүрлемеуі тиіс, деп мәлімдеді вице-министр.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз