Қорғаныс министрлігінде тұрғын үй мәселесі талқыланды
Қорғаныс министрлігінде тұрғын үй мәселесі талқыланды Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде отырыс өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қорғаныс, Қаржы, Әділет министрліктерінің, Жоғарғы соттың, Әскери прокуратураның, елорда Әкімдігінің, "Қарулы Күштер ардагерлерінің кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері және бұрынғы әскери қызметшілер қатысты.
Қолданыстағы заңға сәйкес күнтізбелік есеппен 20 және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер тұрғын үйді ақысыз жекешелендіруге немесе ақшалай өтемақы төлемін төлеп алуына болады. Сондай-ақ әскери қызметтегі өтілі 10 және одан асқан, алайда 20 жылдан аз уақыт әскери қызметте болған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемалы болды.
- 2018 жылы тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізілгеннен кейін шекті жасқа жеткен, еңбек өтілі жеткіліксіз әскери қызметшілер қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік қордағы пәтерге ауыстыруға мүмкіндік алды. Олардың бір бөлігі әскери қалашықтағы қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығымен, еліміздің түрлі өңірлеріндегі пәтерлерге ауыстыру тетігін пайдалануға ниет білдірді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.Сонымен қатар ядролық жарылыстардан, экологиялық апаттардан зардап шеккен деген мәртебесі бар азаматтардың тұрғын үйді ақысыз жекешелендіруге құқығы бар. Бұрын олар жекешелендіруге жатпайтын және әскери қызметшілерге арналған жабық әскери қалашықтарда тұрған.
Шекті жасқа жеткеннен кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін оларды ақшалай өтемақы алу құқығынан айырғанына шағымданады. Жаңа заңның нормаларына сәйкес, бүгінде өтемақыны 20 жылдан астам еңбек өтілі бар әскери қызметшілер алады.
Қолданыстағы заң нормаларын басшылыққа ала отырып, қорғаныс ведомствосы әскери қызметтен запасқа шығарылған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда 742 адамның 376-сы тұрғын үйді айырбастау құқығын пайдаланды.
Бос тұрғын үй қоры туралы ақпарат Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. "Тұрғын үймен қамтамасыз ету" бөлімінде орналасқан қалалары мен тұрғын үй туралы қосымша деректері көрсетіле отырып, айырбастау үшін қолжетімді пәтерлердің болуы туралы деректер ұсынылған. Бүгінгі таңда ауыстыруға 134 пәтер ұсынылды.
Бұрынғы әскери қызметшілердің 10 жылдан 20 жылға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алуына қатысты мәселені оң шешу мақсатында хаттама жасалып, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілетін болады.