Жаңа қызмет. Серік Сәпиев спорт саласынан кетпейді

facebook.com / serik.sapiyev, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 16:23 facebook.com / serik.sapiyev
Бір қызметтен босатсаң, сол саладағы басқа қызметке бәрібір келіп алады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің экс-төрағасы Серік Сәпиев енді қандай қызметке барайын деп отырғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Блогер Динара Сатжанға берген сұқбатында шенеунік Ұлттық олимпиада комитетіндегі бір қызметке баратынын айтыпты. Бірақ нақты қандай қызмет екенін әлі өзі де білмейтін сияқты.

Екі күн бұрын Сәпиев Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді.

Серік Сәпиев 2019 жылдың 30 қаңтарында комитет басшысы болып тағайындалған. Оған дейін шенеунік Сәпиев 2014-2017 жылдары "Astana Arlans" Бас директоры болған, ал 2013-2014 жылдары Қазақстан Бокс федерациясының спорттық директоры қызметін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: