Жаңалықтар тізбегі
0

Бас санитарлық дәрігердің жаңа Қаулысы шықты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 18:29 zakon.kz
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері "Қазақстан Республикасында "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакцинасымен халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу" әдістемелік ұсынымдарын бекітті.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері:

  • 1) 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді;
  • 2) КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: