Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер дабыл қағады: Климакс жасарып, қазақ қыз-келіншектері тез қартаюда

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 06:08 pixabay.com
Қысқасы - дұрыс тамақтану, спорт және уақтылы ұйықтау - келешек ұрпақтың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Осыны әрбір ата-ана білуі тиіс, - дейді дәрігерлер.

Климакс жасарып, қазақ қыз-келіншектері тез қартаюда. Бұдан 10-15 жыл бұрын ұрығы солып, қартаюдың белгісін байқататын – климакс келіншектерде 45 жастан асқанда қылаң берсе, қазір 25-35 жастағы бұрымдылар арасында да кездеседі. Дәрігерлер солай дейді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Еуразия" бірінші арнасының хабарлауынша, Қазақстанда күйеуі бар әйелдер тұрмақ, қазір қыздардың өзі аналық жасушасын қатырып әуре. Себебі климакс жасарып алған.

Жұпар Наханова, гинеколог:

Қазір 35-40 жастағыларда климакс. Негізі, 15-49 жас аралығын айтамыз. Осыдан 20-30 жыл бұрын 55-тен кейін келетін. 40-45 жасқа түсті одан кейін. Оған, біріншіден, қазіргі тұрмыстық жағдай, күйзеліс себеп.

Эндокринолог дәрігерлердің айтуынша, бұған қазіргі қыз-келіншектердің өмір-салты себеп.

Махаббат Ибрагим, эндокринолог:

Жастарымыздың өмірі биологиялық сағатқа сай емес. Ол дегеніміз не? Мысалы, жастар түнгі сағат 3-ке дейін телефонда отырады. Гармонды бұзады. Оның ақыры ерте климакс, бедеулікке әкеліп соғады. Адам үнемі сергек жүруі тиіс. Ал шаршап-шалдыққан адам тез қартаяды.

Нұржамал Ғалымжанқызы, эмбриолог:

25 жаста климаксы келіп алғандар бар. 30 жастан кейін өзінің болашағын ойлаған келіншектер аналық жасушасын қатырап қояды.

Танымал репродуктолог Салтанат Байқошқарова денсаулықты ерте жастан тексертіп қою керек деген ұстанымда.

Салтанат Байқошқарова, биология ғылымдарының докторы:

Ұрық тапшылығы бар әйелдер дәрігерге ерте қаралып, алдын ала ұрығын қатырып қойса, онда кеш болса да балалы бола алады. Шын мәнінде, 35 жастың өзі аналық жасушаны қатыру үшін жарай бермейді. Қатырып қойса, міндетті түрде бала болады деп ойлау да жаңсақтық. Оған ешкім кепілдік бере алмайды.

Қысқасы, дұрыс тамақтану, спорт және уақтылы ұйықтау – келешек ұрпақтың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Осыны әрбір ата-ана білуі тиіс, – дейді дәрігерлер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: