Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет пен әкімдік резервінен қандай жағдайларда ақша бөлінеді?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 22:53 zakon.kz
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, келесі норма қолданысқа енгізіледі:

Қазақстан аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына тиісті негіздемелермен және есептермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

Бұл ретте туындаған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай болуы тиіс:

  • аймақтық немесе жаһандық масштаб;
  • жергілікті ауқымдағы масштаб, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы халықтың тыныс-тіршілігі жағдайлары бұзылып және 10-нан астам адам қаза тауып, облыстың екі ауданынан тысқары шықпаса.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: