Атырауда алаяқтар құлаған қызды жерлеуге ақша жинауда

Pixabay Pixabay
20 қазанда Нұрсая ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің алтыншы қабатынан 5 жасар бала құлап кетті.

Атырауда алаяқтар алтыншы қабаттан құлаған қызды жерлеу үшін қаражат жинауды бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, полицияға қайтыс болған баланың анасы арыз берген.

Ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратылғанын айтты. Белгісіз адам оның қызын жерлеуге қаражат жинай бастаған екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні іздестіру жүргізілуде. Полицейлер алаяқтарға сенбеуге шақырады, - делінген хабарламада.

20 қазанда Нұрсая ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің алтыншы қабатынан 5 жасар бала құлап кетті. Қыз облыстық Балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз