Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция қызметкерлерінен оңбай таяқ жеген Өзбекстан қазағы әділдік іздеп жүр

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 03:39 pixabay.com
Жағдайы нашарлаған жәбірленушіні жедел жәрдем тура полиция басқармасынан алып кетіпті. Қабырғалары сынған, миы шайқалған. Осындай нақты дәлелдер барына қарамастан ол әділдікке әлі қол жеткізе алмай жүр.

Алматыда ақысын төлемеген кәсіпкердің үстінен полицияға арызданған еңбек мигранты темір қапастың арғы жағынан бір-ақ шыққан. Ол ол ма, жедел жәрдем көлігі көк ала қойдай сабалып, хәлі нашарлаған оны полиция басқармасының ғимаратынан алып кетіпті. Осындай нақты дәлелдер барына қарамастан ұлты қазақ Өзбекстан азаматы әлі әділдікке жете алмай жүр, деп хабарлайды zakon.kz

Еңбек мигранты ретінде тіркелген жігіт екі ай бойы Мұрат есімді азаматтың шағын фастфуд орталығында еңбек етіпті. Алайда кәсіпкер осы аралықта төленуі тиіс 600 мың теңгеден соқыр тиын ұстатпаған. Жәбірленушінің төлқұжатын тартып алған ол, ашық қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Сол сәтте жеке басының қауіпсіздігіне алаңдаған Тимур Исаков полиция шақырыпты. "Бірақ кәсіпкер мен тәртіп сақшысы бір-бірінің сөзін сөйлеп, ақыр соңында соққыға жығылдым" деп КТК телеарнасы жәбірленушінің сөзін келтіреді.

Тимур Исаковтың айтуынша, оны жұмысына жегіп ақысын төлемеген кәсіпкердің көрсетуі бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасының үш қызметкері тепкілеп тастаған.

Тимур Исаков, Өзбекстан азаматы:

Аудандық ІІД ішінде мені балағаттай бастады. "Қазір кө@іңді айырам ғой", - дейді капитан, ана учаскеліктің әңгімесі. Сосын формасыз бір жедел қызметкер келді. Менің көк төлқұжатымды шығарды. Сосын менің бетімнен ұрды, мына жерден. "Неге ұрасың?" деп бақырдым, жәрдем сұрадым. Сол кезде аға лейтенант кіріп келіп, арқамнан, төсімнен ұрды. Мен шақырған капитан, учаскелік жүгіріп келді. Спорттық киім, капюшонымен бұғып үшеуі, мен есімнен танып қалдым.

"Қолым кісендеулі жатқанда есімді жидым" деген жігіт сорақылықтың бәрі Әуезов ауданы полиция басқармасының ғимаратында болғанын айтады. Тіпті қол қойылған сот қаулысын өздері алып келген полицейлер оны жедел түрде депортация жасауға бекініпті. Жәбірленуші судьяның түрін көрмек түгілі, "Газельдің" ішінен шықпадық дейді. Алайда соңыра Өзбекстан азаматының заңды тіркелгенін білген көші-қондағылар басын ала қашқан. Кейін жағдайы нашарлаған жәбірленушіні жедел жәрдем тура полиция басқармасынан алып кетіпті.

Тимур Исаков, Өзбекстан азаматы:

Жедел жәрдем №7 ауруханаға алып келді. Рентген, қан, несебімді тапсырдым. Нейрохирург бәрін көрді. Алтыншы, жетінші қабырғам сынған. Миым шайқалған. Құсып жаттым. Зәрімнен қан екі күн шықты. Қазір жүруім, демалуым қиын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: