Ауғанстанда волейболшы қыздың басын шапқан
Ауғанстан билігіне келген Талибан қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мүшелері елдегі жастар құрамасында өнер көрсететін волейболшы қыз Махжабин Хакимиді өлім жазасына кесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Inside Games хабарлағандай, қыздың өлтірілгені қазан айының басында белгілі болды, бірақ оқиға осыған дейін құпия ұсталып келген. Кабулда Хакимидің басы шабылып, суреттері жергілікті әлеуметтік желілерде жарияланды.
Осы уақыт ішінде марқұмның туыстары қатты қорыққандықтан тырс деп үндей алмаған. Хакимидің жаттықтырушыларының бірі волейбол командасының барлық ойыншылары мен қалған спортшылардың жағдайы нашар екенін, бойларын үрей мен қорқыныш жайлап алғанын айтты.
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Хакимидің өлім жазасы туралы хабарларға қатысты тергеуді бастады. Ұйым спортшының өлімі туралы әртүрлі нұсқалар бар екенін атап өтті.
Халықаралық волейбол федерациясы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Махжабин Хакимидің қайғылы өлімі туралы хабарларды естігенде қатты таң қалды. Алайда, оның өлімінің шынайы себебі туралы қарама-қайшы мәліметтер бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан FIVB нақты мәліметтерге қатысты түсініктеме іздеуді жалғастыруда, - деп хабарлайды ТАСС ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.