Жаңалықтар тізбегі
0

Берлинде Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 20:54 gov.kz
Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.

22 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Германия Федеративтік Республикасының астанасы Берлин қаласында, еліміздің ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.

Ақтоты Райымқұлова Германия халқы мен Үкіметіне еліміздің Абайға ескерткіш орнату жөніндегі ұсынысын қолдап, демеу көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Былтыр біз әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Мерейтой аясында Сингапурда, Болгарияда, Мажарстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Пәкстанда, Эфиопияда, Чехияда Абай орталығы оқырманға есігін айқара ашты. Сонымен қатар Мажарстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Франция, Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Ресей Федерациясы және басқа елдерде Абай ескерткіші ашылды. Абай шығармашылығы қазақ халқы мен өзге ұлттар мәдениеті арасындағы дәнекер. Абай қазақ халқының ғана тұлғасы емес. Оның жалпы адами құндылықтарды насихаттайтын шығармашылығы адамзатқа ортақ, әрі әлемдік әдебиеттің ажырамас бөлігіне айналды, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің сөзінше, Абай Құнанбайұлы мен Германия халқының ұлы ақыны Гете поэзиясы арасында таңғаларлық үндестікті байқамау мүмкін емес.

Абай аудармасының арқасында біз Иоганн Гетенің біршама туындысымен етене таныстық. Соның бірі, әрі бірегейі хакім ана тілімізде сөйлеткен "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі. Осылайша, Абай екі халықтың әдебиеті мен мәдениетін байланыстырушы берік көпірге айналды. Абай мен Гете секілді адамзаттың асыл ұлдарын ардақтау, олардың мұрасын, есімін асқақтату – сіз бен біздің парызымыз. Бүгін мазмұнды меймандостық дәстүрде өтіп жатқан іс-шара жоғарыда айтып өткен рухани байланысты нығайта береріне сенімім мол, - деді Мәдениет және спорт министрі.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мүсінінің авторы «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: