Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда "Дәрігер мерейі" атты концерт өтті

Александр Куприенко, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 21:48 Александр Куприенко
Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда қала әкімдігінің қолдауымен ақ халатты абзал жандарға арналған "Дәрігер мерейі" атты концерт өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеште симфониялық оркестр, Дирижёр – Ернар Нұртазин, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Клара Төленбаева, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Лұқпан Жолдасов және де Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, "Шалқыма" халық би ансамблі мен "Достар" балалар хоры, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Концерт әр науқас үшін күресетін медицина қызметкерлеріне арналды. Медицина қызметкерлері әрдайым пациенттердің жанынан табылып, қамқорлық жасайды. Пандемия кезінде медицина қызметкерлері де адамдардың өмірін сақтап, алдыңғы қатарда тұрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған ынталандыру шаралары қабылданды. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, осы жазда елорданың сол жағалауында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа қоғамдық кеңістік – дәрігерлер аллеясы ашылды. Оның аумағы 11 га құрайды, мұнда тыныш және жайлы демалыс орындары орналасқан. Аллея елорданың Есіл ауданында Сығанақ, Түркістан, Ақмешіт және Алматы көшелерінің бойында орналасқан.

Дәрігерлер аллеясы аумағына коронавирус індетіне қарсы күреске зор үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арнап "Алтын жүрек" ескерткіші тұрғызылды.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: