Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда президенттік сайлау басталды

saylov.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2021 17:56 saylov.uz
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08: 00-де (Нұр-Сұлтан, 09:00) ашылды.

24 қазанда таңертең Өзбекстанда президент сайлауына дауыс беру басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08: 00-де (Нұр-Сұлтан, 09:00) ашылды.

Елде ресми түрде жұмыс істейтін бес саяси партияның барлығы да кандидаттарын тіркетті. Сарапшылардың пікірінше, сайлаудағы жеңіске негізгі үміткер Өзбекстанның ең ірі либералдық-демократиялық партиясы (UzLiDeP) ұсынған қазіргі президент, 64 жастағы Шавкат Мирзиёев болып қала береді, деп жазады РИА Новости.

Ол "Ұлттық жаңғыру" демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыровпен, Экологиялық партиядан үміткер Нарзулла Абламұрадовпен, "Әділет" социал-демократиялық партиясының өкілі Бахрам Абдухалимовпен және Халықтық-демократиялық партиядан үміткер Мақсуд Варисовамен бәсекеге түседі.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:00) жалғасады. Өзбекстан бойынша барлығы 9 925 сайлау учаскесі құрылды, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріндегі пункттерді қосқанда тағы жүзге жуық сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың бірыңғай электрондық тізіміне 19,9 миллионға жуық адамды енгізді. Оның үстіне 14-20 қазан аралығында өткен кезектен тыс дауыс беруге 400 мыңнан астам азамат қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: