Қазақстанда жауын, көктайғақ пен бұрқасын күтілуде

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2021 21:05 pixabay.com
Елдің батысында 3-8 аязға дейін, күндіз 0-5 аралығында болмақ.

Синоптиктер 26-28 қазанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағында басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшейіп, көктайғақ, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде төменгі бұрқасын күтіледі", делінген Қазгидромет орталығының хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, елдің батысында болса, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылу, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.

Елдің батысында 3-8 аязға дейін, күндіз 0-5 аралығында болмақ.

Оңтүстікке келсек, 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2...7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында.

Қазақстанның орталығында түнде -3...+5-тен -7...+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3...+5-дан -1...+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.

Елдің оңтүстігінде -1...+7-ден -3...+5 дейін сәл төмендеу орын алады, күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін жылу. Республиканың оңтүстік-шығысында -1...+7-ден -3...+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылы болады.

Дайана Тоқберген

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: