Қазақстанда қоқыс жағатын зауыттар құрылысына 293 млрд теңге қажет

Zakon.kz/Павел Михеев Zakon.kz/Павел Михеев
Жоба инвестордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ОКҚ брифингінде еліміздің ірі алты қаласында қоқыс жағатын зауыттар құрылысына 293 млрд теңге қажет болатынын хабарлады. Бұған дейін, биылғы жылдың мамыр айында 180 млрд теңге қажет болады делінген еді, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Өскемен қоқыс жағатын зауыт салынатын қалалар деп анықталды. Жер телімдері бөлінді, осы жобаны іске асыратын мердігер анықталды. Бұл жобалардың жалпы құны 293 млрд теңгені құрайды, - деді Серікқали Брекешев.

Оның айтуынша, бұл мақсаттарға бюджеттен қаражат қарастырылмаған, жоба инвестордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Кейінірек ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов жобаның қымбаттауына түсініктеме берді: ағымдағы жылдың мамыр айында бұл зауыттардың құрылысына 180 млрд теңгеден астам қаражат қажет болатыны айтылған.

Инвестиция сомасын инвестордың өзі анықтайды. Қазір Экология министрлігінің талабы бойынша біз экологиялық компонентті күшейттік, яғни барлық зауыттар еуропалық директиваға сәйкес келетін шығарындыларды тазарту жүйелерімен жабдықталуы керек. Барлық зауыттар автоматты мониторинг жүйесі мен датчиктермен жарақтандырылуы тиіс, олар уәкілетті органға қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпорынның барлық шығарындыларын онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл жобада жеке инвестиция ғана болады, іске асыруға бюджет қаражаты көзделмеген. Жобаның қымбаттауы – бұл инвесторлардың ақшасы. Олар неғұрлым жаңа және неғұрлым экологиялық технологияларды қолданғысы келеді, - деп түсіндірді спикер.

Брекешевтің мәліметінше, Қазақстан бойынша жыл сайын 5 млн-ға дейін ҚТҚ түзіледі. Жыл басынан бері 3 млн-ға жуық ҚТҚ пайда болды. Олардың 20%-дан азы қайта өңдеуге жатады, қалғаны полигондарға шығарылады. Елімізде 3 мыңнан астам полигон бар. Оның ішінде полигондардың 17-18%-ы ғана санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келеді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз