Шымкентте карантин ұзартылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 22:49 zakon.kz
Шымкентте Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы №33 "Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы" қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Шымкент қаласында карантин режимі мен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шараларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзарту қажет", - делінген құжатта.

Атап айтқанда, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде "жасыл" мәртебесі болған жағдайда іс-шараны өткізуді қоспағанда, адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды (туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, той және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүріп-тұруы шектеледі.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде ашық ауада болған кезде бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді қолдану тағайындалады,

Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының демалыс күндері 3 сағатқа дейін, жоба көшбасшыларының таңғы 5-ке дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ қызметкерлер мен келушілерде Ashyq-тың "жасыл" мәртебесі болған жағдайда объектілердің демалыс күндері жұмыс істеуіне болады. Бұл талаптар облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, вокзалдарға, білім беру объектілері мен жатақханаларға қолданылмайды.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Қаулы 26 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бақытжан Отарбай

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: