Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты бес өңір бойынша ескерту жарияланды

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болу ықтималдығы жоғары. Түнде облыстың батысында тұман түседі.
27 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсіп, жел соғады деп күтіледі. Петропавлда күндіз синоптиктердің болжамынша, батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болу ықтималдығы жоғары. Түнде облыстың батысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында – тұман.
Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысып, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең — тұман.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз