2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу тоқтай ма?
"Отбасы Банкі" басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын 2022 жылы да мерзімінен бұрын пайдалануға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы ешқандай өзгеріс болмайды. Бұл тетікті әзірлеу үшін "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Егер қандай да бір өзгерістер жоспарланған болса, онда сіз бұл туралы кем дегенде 6-7 ай бұрын білесіз. Сондықтан 2022 жылы зейнетақы жүйесіндегі ақшаны пайдалануға болады, - деп жауап берді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, әзірге бағдарлама шектеу мерзімі белгіленбеген. Жұмыс тобы ұйымдастырылды, онда зейнетақымен қамсыздандыру және алу бойынша лимиттер мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу және қаржы ұйымдарын басқаруға беру үшін пайдалана бастады.
20 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1,97 трлн теңге болатын 523 943 өтініш орындалды.
Осылайша, қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға 1,92 трлн теңге, емделуге ақы төлеу үшін 49,1 млрд теңге алды. Сонымен қатар, инвестициялық портфельді басқарушымен жалпы сомасы 5,44 млрд теңгеге жинақтарды беру туралы қазақстандықтардың 2 912 өтініші орындалды.
1 мамырдан бастап зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Қазақстандықтарға ерікті зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға рұқсат етілді.
Бақытжан Отарбаева